BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Туристік орындар тізіміне Ақтөбе облысынан Қарғалы су қоймасы енді

Фото: Aktobenews.kz

Мәдениет министрлігі Қазақстанның негізгі туристік орындарын атады. Оған Ақтөбе облысынан тек Қарғалы су қоймасының курорттық аймағы еніп отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Aktobenews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бағдарлама мақсаты – ТОП-10 және ТОП-50 жобаларын құру арқылы өңірлер ұсыныстарымен инфрақұрылымды қамтамасыз ету.

Атап айтқанда, ТОП-10 жобаға Балқаш пен Алакөл жағалаулары, Шарын шатқалы, Алматы өңірінің тау кластері, көне Түркістанды қалпына келтіру, Ащысор туристік аймағы, Бурабай, Имантау-Шалқар және Баянауыл курорттық аймақтары, «Көшпелілер тарихы» орталығы еніп отыр.

Ведомство мәліметіне қарағанда, ТОП-50 туристік орындары мен жобалары Қазақстанның әр өңірін қамтыды. Ақтөбе облысынан бұл тізімге Қарғалы су қоймасының курорттық аймағы еніп отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер