BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Түймебаев түркістандықтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуді тапсырды

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның Оңтүстік филиалы директоры Құдайберген Сейтмамбетовпен кездесті. Жүздесуде «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының бағыттарының бірі - кредиттік тұрғын үй құрылысын дамыту мәселелері қаралып, қолжетімді баспана мәселесін шешу жағдайлары сөз болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпараттық агенттігі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған банктің өңіріміздегі жетекшісі саладағы атқарылған бірқатар жұмыстардың барысын баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Атап айтқанда, бүгінгі таңда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның Оңтүстік филиалы «Баспана» мекемесімен қол қою шараларын жүргізуде. 2018 жылдың 1 желтоқсаннан бастап банк ұжымы Елбасы бекіткен «7-20-25» бағдарламасы бойынша тиісті жұмыстарды іске асыра бастайды.

Сонымен бірге, басқосуда Қ.Сейтмамбетов әкімге облыс тұрғындары үшін өте тиімді де, ыңғайлы болатын ұсынысын жеткізді. Алғашқы салымсыз-ақ, баспаналы болуға болатын жобада қарапайым халықтың жағдайы ескерілген.

Осы жылы «7-20-25» бағдарламасын облыста іске асыру мақсатында, Түркістан қаласында жеке салушы және «Түркістан» ӘКК» АҚ-ы арқылы 6 көпқабатты тұрғын үйдің (288 пәтер, 15,6 мың ш.м.) құрылысы басталған болатын. Бұл пәтерлерді 2019 жылы тапсыру жоспарланып, барлық үйлерді «7-20-25» бағдарлама арқылы тарату көзделуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер