BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Төлебиде электр жүйелерін жаңарту жұмыстары жүріп жатыр – Түркістан облысы

Төлеби ауданында электр жүйелерін жаңарту жұмыстары аясында 2018 жылға арналған инвестициялық бағдарлама бойынша 75,61 шақырым желілерді жаңартып, темір-бетонды бағанаға алмастыру және 6 жаңа трансформаторды орнату жоспарланған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінде аталған ауданда ұзындығы – 31,2 шақырым желі жаңартылып, темір-бетонды бағаналарға алмастырылған. Сонымен қатар, төрт трансформатор құрылғысы жаңартылды. Бұл жұмыстар Төлеби ауданды əкімдігімен «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-гі бірлесе атқарып отыр.

Жалпы аудандағы электр жүйелерінің ұзындығы - 1342,8 шақырымды құраса, оның 828,3 шақырымы қанағаттанарлық жағдайда.

Бұдан басқа, аудан халқын сапалы электр энергиямен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджет есебінен 11 жобаның ЖСҚ-сы әзірленуде.

Аталған жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асқан уақытта Ленгер қаласы және 10 ауылдық округке қарасты 32 елді мекендегі 67 көшенің, яғни 10 240 тұрғын сапалы электр энергиясымен қамтылатын болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер