BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Теміртауда қаланың дендрологиялық жоспары құрылды

Фото: plesheevo-lake.ru

Теміртау және Қарағандыда дендрологиялық зерттеулер өткізілетін болады. Ол жайлы Қарағанды облысы әкімінің тәуелсіз экологтармен кездесуі барысында мәлім болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Теміртаудың дендрологиялық жоспарын құруға байқау өтті. Жеңімпаз компания жұмысқа кірісе бастады. Келесі жылы, мемлекеттік сараптама өткен соң біз нақты жағдайды көреміз: көгалдандыру бойынша қандай бағытта жылжу керектігі, көшеттерді түгендеу және құжаттандыру», - деді Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов.

Мердігер жергілікті компания «Строй-Аст» ЖШС болды. Онымен келісімшартқа қол қойылған. Жобалауға жұмсалатын шығындар 20 млн теңгені құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, «қара қарға» қатысты оқиғадан соң металлургтер қаласында облыс әкімі Ерлан Қошановтың тапсырмасымен мемлекеттік органдар қоғам өкілдерімен және өндірісшілермен бірігіп, Теміртау қаласындағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша шаралар құрылды. Үш жылға шақталған кешендік жоспар бекітілді, оған қатысты жұмыстар басталып кетті. Мамандардың сараптамалары мен ұсыныстарына сүйене отырып, ағаштарды отырғызуды ұлғайту қажет екені айтылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер