BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 327.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.74 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.34
Астана:

Теміртауда атыс ұйымдастырып, 5 адамды жаралаған күдікті ұсталды

Қарағанды облысының Теміртау қаласында қасақана адам өлтіруге әрекет жасау фактісіне қатысты бар 20 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

10 мамырда Теміртау қаласындағы үйлердің бірінен 18 бен 25 жас аралығындағы 5 азамат атыс жарақатымен «жедел жәрдем» арқылы емханаға жеткізілген.

«Жедел іс-әрекеттер барысында қаланың 20 жастағы тұрғыны ұсталып, ол жәбірленушілерге арадағы келіспеушілік салдарынан оқ атқанын мойындады. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 24-99 бабының 2 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер