BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Теміртауда анасы көшеге тастап кеткен 2 жасар сәби жетімдер үйіне орналастырылды

Теміртауда анасы кішкентай қызын бейтаныс әйелге тастап кеткен. Көкек ана тастап кеткен 2 жасар сәби Қарағандының «Ботагөз» балалар үйіне орналастырылды, деп xабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Еске салайық, осыдан бірнеше күн бұрын Теміртауда жас ана бейтаныс әйелден кішкентай қызын қарайлай тұруын өтінген. Телефон нөмірін қалдырған ана сол беті қайтып оралмаған. Бірнеше сағат бойы баланың анасына xабарласа алмаған әйел полицияға xабарласқан. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері сәбиді қалалық ауруxанаға әкелген. Көкек анаға xабарласқан полицейлер оны учаскеге келуге көндіре алмаған. Бірнеше күн бойы дәрігерлердің қарауында болған сәби жетімдер үйіне орналастырылды.

«Бала өз жасына қарай өсіп келеді. Әзірге сөйлей алмайды. Өздігінше тамақ жей алмайды. Бірақ адамдарға үйір. Балалармен жақсы ойнайды. Ешкімнен қорықпайды. Жақсы ұйықтайды», - дейді «Ботагөз» балалар үйі директорының міндетін атқарушы Людмила Дроздова.

Қызын көшеге тастап кеткен ана баласы екеуінде құжаттарының жоқтығын айтқан. Ол Қарағандының тумасы, жасы 26-да. Қамқоршылық органы мамандарының айтуынша, анасы баласын жетімдер үйінен бірден алып кете алмайды. Алдыман жас ана құжаттарын қалпына келтіріп, баланың анасы екенін, содан кейін тұрғылықты жерін көрсетіп, балаға жағдай жасай алатынын дәлелдеуі керек.

«Анасын полиция қызметкерлері өздері іздеп тапты. Оған дейін ол баланы іздеген жоқ. Баланы бейтаныс адамға қалдырып, оның өміріне қауіп төндіргені үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мұнымен полиция айналысып жатыр», - дейді Теміртау қаласы Білім бөлімінің қамқоршылық және қорғау секторының жетекшісі Жұлдыз Арелина.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер