BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.98 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 428.7 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.64
Астана:

Телефон ұрлаған Өзбекстан азаматы 5 жылға сотталуы мүмкін – Алматы ІІД

Полицейлер шаһардың Әуезов ауданында ұялы телефон ұрлаған Өзбекстан азаматын ұстады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Кешкі сағат 18.20 шамасында Яссауи мен Жандосов көшелерінің қиылысында ер адам өзгенің мүлкіне қол салып, «Айфон» маркалы телефонын ұрлап әкеткен. Алайда көп ұзамай полицейлердің қолына түскен. Жеке тұғасын анықтауда оның Өзбекстан азаматы екені белгілі болған. Күдікті біздің елге жұмыс істеу үшін келген және көші-қон нормаларын да бұзғаны де белгілі болды», - дейді Әуезов ауданы ІІБ-ның полиция бөлімінің басшысы Дидар Ақанов.

Қазіргі уақытта күдіктінің өзге де қылмыстарға қатысының бар-жоқтығы анықталуда және сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер