BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Таразда табиғи газбен жүретін қоғамдық көліктер саны артады

Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысында табиғи газ отынына бейімделген атобустар санын жыл соңына дейін 65 жеткізу жоспарланып отыр. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің Құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әділет Ахатаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Жамбыл облысында жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен елді-мекен көшелерінің желісі бүгінде 9 692 шақырымды құрайды. 2017 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті маңызы бар автожолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайының үлесі 77% құраса, 2018 жылы аталған көрсеткішті 80,1%-ға жеткізу көзделген болатын. 2018 жылы жалпы жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерін жөндеу мен күтіп ұстауға 10,8 млрд. теңге бөлінген», - деді басқарма басшысы.

Оның берген ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша 96 км жергілікті маңызы бар автожолдарды орта жөндеу жұмыстары аяқталып, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 78,5% құраған. Жыл қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 80,1% жеткізілмек.

«Жолаушылар көлігі саласына тоқталар болсам, облыста жеке меншік нысандағы 29 тасымалдаушы мекеме 202 бағыт бойынша 1324 дана автобуспен қызмет көрсетуде. Автобустардың орташа пайдалану мерзімі – 8 жылды құрайды. 1324 дана автобустың 160 – бензин отынын, 998 – дизель және 166 дана автобус табиғи газ отынын пайдаланады. Ағымдағы жылы тасымалдаушылар табиғи газ отынына бейімделген 25 автобусты жеке қаражаттарына сатып алды. Жыл соңына дейін қосымша 40 дана автобус сатып алу көзделіп отыр», - деді Ахатаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер