BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Таразда сексеуіл тасымалдағандар жазаланды 

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Мойынқұм ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау» мекемесінің директоры Мұрат Райымқұлов мәлімдеді.

«Мойынқұм ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік орман қоры 864 мың гектарды құрайды. Орманды жерлер 785,7 мың гектарды құраса, орманмен қамтылған жерлер 568,5 мың гектар және 78,2 мың гектар ормансыз жерлер. Сексеуіл екпелерін сақтау мақсатында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сексеуіл екпелерінде ағаш кесуге тыйым салу тағы 5 жылға, яғни, 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту жобасын әзірлеуде», - деді мекеме басшысы.

Райымқұловтың айтуынша, Мойынқұм орманында 2018 жылы 4 өрт оқиғасы орына алып, өртке шалдыққан жердің жалпы көлемі 9999 га құрады. Оның ішінде орманмен қамтылған жерлер 6876,2 га, орманмен қамтылмаған жерлер 2027,2 га, ормансыз жерлер 1095,5 га болған.

«Мемлекеттік орман күзеті қызметкерлері 2018 жылдың 10 айында 67 рейд жүргізіп, орманды күзету және қору жұмыстарының нәтижесінде 38 әкімшілік хаттама толтырылып 4 жеке тұлғаға ескерту беріліп, 33 жеке тұлғаға 358 мың 345 теңге айыппұл салынды. Таратып айтқанда, заңсыз сексеуіл отынын тасымалдағаны үшін 10 адамға 120 250 теңге, заңсыз түрде дәрілік өсімдік жинағаны үшін 17 адамға 93 795 теңге, өрт қауіпсіздігі ережесін бұзғаны үшін 11 адамға 144 300 теңге айыппұл салынды», - деді спикер.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
25 Қараша 2018, 12:18
Таразда базар өртенді
Пікірлер