BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.98 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 428.7 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.64
Астана:

Солтүстік Қазақстанда мектеп директоры жұбайын, баласы мен келінін жұмысқа алған

Фото: mcko.ru

Тимирязев ауданы, Ішім ауылының тұрғындары елді мекенде жұмысқа тұру қиындық тудыратынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап.

Аталған ауылда бастауыш сынып мектебі бар. Ол мектепке жұмысқа орналасу қиын, өйткені бастауыш мектебінің меңгерушісі жұбайын күзетші ретінде, ұлын от жағушы ретінде, келінін аспаз ретінде жұмысқа алған.

Ауыл тұрғындарынан шағымынан кейін бұл келеңсіз жағдай ретке келтірілді. Мектеп меңгерушісіне сөгіс жарияланып, оның жұбайы, ұлы мен келіні арасында жасалған келісімшарт бұзылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер