СҚО-да имамдар жаназадағы ысырапқа тыйым салды - Аймақ|13 Қаңтар 2018, 13:16
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

СҚО-да имамдар жаназадағы ысырапқа тыйым салды

Фото: BNews.kz

Солтүстік Қазақстан облысында имамдар жаназа және жерлеу рәсімдерінде, діни жоралғылардағы ысырапты тоқтату туралы шешім қабылдады. Имамдар, молдалар және тұрғындар қатысқан жиын 12 қаңтарда Петропавлдағы «Қызылжар» облыстық мешітінде өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Имамдардың айтуынша, бұл шешімнің мақсаты - Ислам дінінің шариғатына қарсы келетін ысырапшылдықты тоқтату, қара жамылып отырған отбасыға ауыртпалық түсірмеу.

Жиында жаназада, марқұмның жеті күні, қырық күні және жылында дастарханға қымбат тағамдар қоюға, жаназаға қатысушыларға садақа ретінде орамал, киім, кілем тағы да басқа заттар таратуға тыйым салынды. Бұл шешімнің орындалуын облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық мешіттердің имамдары мен молдалары, қажылар бақылайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер