BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

СҚО-да асыл тұқымды мал өсіретін кешен ашылмақ

Фото: Автор

Солтүстік Қазақстан облысындағы ең ірі ауыл шаруашылығы құрылымдарының бірі «Иван Зенченко» серіктестігі Германиядан 600 бас етті-сүтті тұқымды сиыр әкелді. Шаруашылық басшылығы Аққайың ауданында өнімділігі жоғары қара мал өсіретін кешен ашуды жоспарлап отыр. Жоба құны 580 млн теңге, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Мал шаруашылығы кешені Рублевка ауылында ашылмақ. Оны қыркүйек айында іске қосу жоспарланып отыр. «Иван Зенченко» шаруа қожалығының директоры мемлекеттік қолдаудың арқасында мал шаруашылығымен айналысудың тиімдігі жыл санап артып келетіндігін айтады. Шетелден алынған ірі қара «симментал» тұқымды. Оларды серіктестік жан-жақты зерттеп, кейін біздің өңірде асырау туралы шешім қабылдапты.

«Біз «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-мен келісім жасатық. Мал сатып алу үшін он жылға, жылдық мөлшерлеремесі 5 пайызбен несие алдық. Сиырлар Бавариядан әкелінді. Ал кешеннің құрылысын өткен жазда, шілде айында бастаған болатынбыз. Мұнда заманауи қожалық, жем-азық базы болады. Азық дайындайдын цех та саламыз», - дейді «Иван Зенченко» ЖШС жетекшісі Иван Зенченко.

Шетелдік сиырдың біреуі тәулігіне 25 литр сүт береді. Шаруа қожалығы өз зауытына тәулігіне 10-12 тонна ақ тапсыруды көздеп отыр. Қазір ферманың құрылысы жанданған, 100 адам жұмыс істейді. Ал сүт кешені іске қосылса, тағы 25 маман жұмысқа қабылданады.

«Биылғы жылдың өндіріс жоспарының 39,5 пайызын «Иван Зенченко» шаруашылығы жауып отыр. Олардың өнімдері өзге өңірлер мен Ресейдің көршілес облыстарында да сатылады. Кешендегі мамандар жыл он екі ай жұмыс істейтін болады. Еңбекақылары жақсы, жаңа жұмыс орындары ашылып отыр», - дейді Аққайың ауданының әкімі Дәурен Байтөлешов.

Шаруашылықтағылар неміс сиырларының алғашқы төлін қыркүйек айында алуды жоспарлап отыр. Осы кезде кешен толық іске қосылмақ. Жалпы Аққайың ауданында мал шаруашылығымен 52 қожалық айналысады. Олардың басым көпшілігі асыл тұқымды ірі қара өсіреді. Жалпы саны 24 мыңға жуық сиыр бар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер