BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

СҚО-да дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады

Фото: MedElement

Солтүстік Қазақстан облысында көкөніс пен жеміс бағасы 4,5 пайызға, сүт өнімдері 3,1 пайызға, шұжық және ет өнімдері 1,9 пайызға, ал коммуналдық қызметтердің құны 8,5 пайызға өсті. Облыстық статистика департаментінің мамандары ақпан айын қорытындылады, деп хабарлайды Baq.kz аймақтық тілшісі.

Ақпан айының қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысындағы инфляция деңгейі 1,7 пайызды құрады. Республикада бұл көрсеткіш 0,7 пайызға тең. Солтүстік Қазақстан статистика департаменті мамандарының айтуынша, инфляция деңгейінің көтерілуіне жыл басынан бері коммуналдық қызметтер тарифінің көтерілуі әсер еткен.

«Өткен айда азық түлік тауарларының бағасы 2 пайызға, азық-түлік емес тауарлардың құны 0,6 пайызға өсті. Ақылы қызмет көрсету 2,3 пайызға қымбаттады. Тарифтер деңгейіне келер болсақ, су және кәріз жүйесі 8,5 пайызға, орталық жылу беру қызметі 6,3 пайызға, электрмен қамтамасыз ету 5,1 пайыз, ал, ыстық су бағасы 5 пайызға көтерілді. Осының әсерінен ақпан айында облыстағы инфляция деңгейі жоғары болып отыр», - дейді СҚО статистика департаменті басшысының орынбасары Қуанышбек Қалижанов.

Ал дәрі-дәрмек бағасы 1,6 пайызға көтерілген. Тұрмыстық техниканың бағасы 0,6 пайызға, ал киім 0,3 пайызға қымбаттады. Жанар-жағармай құны 0,7 пайызға көтерілген. Осы өзгерістер өңір тұрғындарының күнделікті шығындар көлемін арттырып, өмір сүру деңгейіне әсерін тигізбей қоймасы анық.

«Баға күнде көтеріліп жатыр. Бәрі қымбат. Күнделікті нан мен сүт қана алауға тура келеді. Қымбат азық-түлікті тұтынуды қойдық. Дәрілер де қымбат. Коммуналдық қызметтерге зейнетақының тең жартысын жұмсаймыз», - дейді петропавлдық зейнеткер Зейнеп Арғынова.

Тауарлар тізімінде арзандағандар да бар. Мәселен, ұнның бағасы 0,2, ал жармалардың бағасы 1 пайызға төмендеген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер