BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Сырдарияда су деңгейі көтерілді

Су басу қауіпінің алдын алу мақсатында ПМК-29 аумағын бекіту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2017 жылғы 28 желтоқсанда өзен арнасындағы мұз кептелістері салдарынан су деңгейі көтеріліп, Сырдария өзенінің ескі арнасы толысып, ПМК-29 саяжайының ішкі каналына көп мөлшердегі судың түсуінен тұрғын жайдың ауласына су жайылған.

Жалпы ПМК-29 саяжайы өзен арнасындағы су деңгейі жоғарылау кезеңдерінде су жайылатын аймақ болғандықтан тұрғындарға алдын ала ескертпе хаттар таратылған.

Саяжайда барлығы 36 тұрақжай бар. Оның ішінде адамдардың қысы-жазы тұрақты тұрып жатқаны 2 отбасы.

«Осыған байланысты, бекітілген жауапты мекемелердің арнайы техникаларын 6 жүк көлігі, 1 трактор, 1 экскаватор жұмылдыра отырып, су жайылудың алдын-алу мақсатында топырақпен бекіту жұмыстары жүргізілуде. Саяжайды су басу қауіпі туындаған жағдайда алдын алуға жұмылдырылатын барлық күштер мен құралдар дайын», - деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер