BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 339.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.64 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.3
Астана:

ШҚО-дағы Күршім ауданында көпірді су шайып кетті

Фото: ШҚО ТДЖ баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында Топтерек ауылының көпірін су шайып кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тоқтамай жауған жауын мен өзен деңгейінің көтерілуі салдарынан Күршім ауданы, Топтерек ауылын аудан орталығымен байланыстырып тұрған көпірді су шайып кетті. Су деңгейі көтеріліп, елді мекенге қауіп төндірген. Дер кезінде қолға алынған шаралар арқасында қауіптің беті қайтып, көпір бүлінген тұста кішігірім жасанды өткел ұйымдастырылды. Қазір жергілікті әкімдік өкілдері, Шығыс өңірлік аэроұтқыр құтқару жасағы мен төтенше жағдай қызметкерлері тұрғындарды өзеннен қайық арқылы өткізуде. Негізгі жол ауылдан төрт шақырым жерде жатыр.

«Қайық арқылы тек шұғыл қажеттілігі бар адамдар ғана тасымалдануда. Қазірге дейін жасанды өткелдің көмегіне 7 ересек адам мен 3 бала жүгінген. Аудан бойынша тәулік бойы кезекшілік атқарылып, мониторинг жүргізілуде», - делінген ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз мәліметінде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер