BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 339.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.64 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.3
Астана:

ШҚО-да су басу аймағында 400 адам қалып қойды

Фото: Тілеубек Шаяхмет

Шығыс Қазақстанның құтқарушылары апат салдарын жоюды жалғастыруда. Қалың жауын мен жылы ауа-райы ондаған үйлер мен жүздеген аула учаскелерінің су астында қалуына әкеп соқты. Аягөз, Глубокое, Ұлан, Күршім, Зайсан, Үржар аудандары мен Өскемен қаласы су астында қалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Аягөз ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Облыс орталығы мен Риддер қаласында қолайсыз ауа-райы жағдайына байланысты мектеп оқушылары мен колледждердің 1, 2 курс студенттеріне сабақ болмайтын болды. Облыстық және республикалық маңызы бар жолдарда мезгіл сайын шектеу қойылып жатыр. Облыстың таулы аудандарында қар көшкіні қаупі сақталуда», делінген ШҚО ТЖД баспасөз мәліметінде.

Қазіргі таңда облыс бойынша 70 жеке үй мен 150 аула аймағы, 110 бақша үйі аумағын су басты.

ШҚО ТЖД, жергілкті полиция қызметінің, жергілікті атқарушы органның, «Өскемен тәртіп» КМК, «Водоканал», Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының күшімен жергілікті халықтың аумағынан су әкету және шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде. 1440 қап инертті материал төседі. 13000 текше метр су шығарылды.

Аягөз ауданы бойынша 40 үй, Өскеменде 8 үй мен 27 аула, Ұлан ауданында 2 үй мен 4 аула, Глубокое ауданында 3 үй мен 53 аула, Күршім ауданында 42 аула аумағы су астында қалды. Күршім, Зайсан, Ұлан және Үржар аудандарының бірнеше жол төсемдерін су шайып кетті. Жол қызметтері қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Саны 1000 астам жеке құрамы бар, 286 бірлік техника, 56 жүзу құралдары мен 58 мотопомпа ҚР ІІМ күштері мен құралдары топтары құрылды.

Барлығы авариялық-құтқару және кезек күтірмейтін жұмыстарды жүргізуге жергілікті атқарушы органдардан, құтқарушылар мен ШҚО ІІД-дан 536 адам, 137 бірлік техника мен 27 су шығару құрылғылары жұмылдырылған. ШҚО ТЖД дағдарыс орталығында жедел штаб жұмыс істеуде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер