BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

ШҚО-да балықшылар мінген автокөлік суға кетті

Фото: twitter.com

11 наурыз күні мұзға батып кеткен жеңіл автокөлікте төрт адам болған. Үш балықшы суға батқан көліктен шығып үлгерген, ал біреуі суға батып кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО ТЖД Зырян аудандық ТЖ басқармасының басшысы, азаматтық қорғаныс подполковнигі Ержан Қасымхановтың хабарлауынша, оқиға орнына шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының қызметкерлері жетіп, 8 метр тереңдіктен суға кеткен балықшының денесін алып шыққан. Автомобиль мұз астына кеткен жер жағалаудан 800 метр қашықтықта болған.

Зырян аудандық ТЖ басқармасының қызметкерлері балықшыларды суаттарға барудан аулақ болуға шақырады.

«Көзбен қарап, мұздың қаншалықты берік екенін анықтау мүмкін емес. Көктемгі мұз аса қауіпті. Күн мен ағынды судың әсерінен ол өте әлсіз болады. Күшейе түскен ағын оны астынан қайрай түседі. Көктемгі мұзға аса шұғыл жағдайда және өте үлкен сақтықпен шығуға болады», – деп хабарлады ШҚО ТЖД-да.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер