ШҚО-да баласын құтқармақ болып суға кеткен имамның денесі табылды - Аймақ|10 Тамыз 2018, 11:37
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 414.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.44
Астана:

ШҚО-да баласын құтқармақ болып суға кеткен имамның денесі табылды

Шығыс Қазақстанда баласын құтқарамын деп суға кеткен имамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

«Жергілікті тұрғындар құтқарушылар және полиция қызметкерлерімен бірлесіп, 1982 жылы дүниеге келген ер адамды тапты. Қайғылы оқиғадан кейін имам мен оның екі баласын табу үшін күніне 50-ге жуық адам атсалысты. Суға батып кеткен бір баланың денесі 1 тамызда табылды. Ал 1999 жылы туған екінші баланың денесі әлі іздестіріліп жатыр», - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кетсек, қайғылы жағдай жексенбі күні Боран ауылындағы Қара Ертісте болды. Имамның 8 жастағы ұлы тыйым салынған жерде суға түскен. Судың ағысы қатты болып, бала тепе-теңдікті ұстай алмай қалып, суға бата бастаған. Ұлының суға батып бара жатқанын көрген 36 жастағы әкесі суға секіріп, ұлын құтқармақ болған. Бұл көріністі көрген имамның 19 жасар ұлы да көмектесу мақсатында суға секірген.

Сондай-ақ, бірінші тамызда құтқарушылар суға батып кеткендердің бірі – 2011 жылы туған баланың денесін судан алып шықты.

«Баланың денесі көпірден Зайсан көліне қарай бағыттағы бір шақырымдық жерде табылды», - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер