BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 325.79 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 402.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

ШҚО-да 2 шақырымдық жыра пайда болды

ШҚО Қатонқарағай ауданы Солоновка ауылындағы Қараөзек учаскесінде қар суының еруі салдарынан далалық жолда геологиялық жарыққа ұқсас терең шұңқыр пайда болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сілтеме жасап.

Басылымның мәліметі бойынша, шұңқырдың ұзындығы шамамен екі шақырым, көп бөлігінің тереңдігі 5-6 метрге дейін жетеді, ал ені 4-5 метр.

Осыдан бір ай бұрын ғана бұл жерде жол болды дегенге сену қиын. Ол жолмен ауыл шаруашылық машиналары мен тракторлар, автокөліктер және жегін көліктері жүретін. Бұл жол «Жас қанат» шаруа қожалығының мал шаруашылық қыстауларын байланыстырып тұрған күре жол болған.

Қазір аталған шаруашылықтың басшылығы жыраны топырақпен толтырып, жолды қайта қалпына келтіруге тырысып бағуда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер