Шымкенттің жаңа Арбаты қандай болмақ? - Аймақ|11 Тамыз 2018, 10:53
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 414.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.44
Астана:

Шымкенттің жаңа Арбаты қандай болмақ?

Фото: автор

Шымкент қаласының орталық көшелерінің бірінен ашылатын жаңа Арбаттың болашақ келбетінің видеосы жарияланды. Таяуда ашылатын жаңа кешен Бейбітшілік даңғылының бір бөлігіне салынып жатыр, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Бейбітшілік даңғылының бір бөлігі таяуда Шымкенттің жаңа Арбатына айналады.

“Үшінші мегаполистің Арбаты тек көрікті ғана емес, қала тұрғындарының демалуына барынша қолайлы орын болмақ. Арбаттың аумағы демалыс, шығармашылық секілді аймақтарға бөлініп, велосипедшілердің де өз жолы болады. Ал суретке түсуді ұнататын жандарға арнайы селфи-аймақ жабдықталады” делінген Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұл Арбатта бірегей жұлдызнама-орындықтар, жазуы бар жəне судағы орындықтар, ерекше жарықшамдар болады. Ал демалыс орнының дəл ортасында граниттен Қазақстанның атлас-картасы жасалады. Ол жаяу жүргіншілер жолының бір аймағына айналады.

Айта кетейік, Арбат көшенің бүкіл енін алады. Ұзындығы 430 метр болады. Бұл аумаққа хризантема жəне канны гүлдері, көп жылдық ағаштар егіледі. Сарқырамалар қойылады. Бейбітшілік көшесінің Республика даңғылы жəне Əл-Фараби алаңымен қиылысына арка орнатылады.

Видео: автор

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер