BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Шымкентте жылу беру маусымы жоспардан ерте басталады

Фото: maaleht.delfi.ee

Шымкент қаласында жылу жылдағы жоспардан ерте беріле бастайды. Қазіргі таңда «3-энерго орталық» АҚ жүйелерді сумен толтыруда. Мамандар 12 қазаннан бастап су температурасы көтерілетінін айтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

15 қазаннан бастап барлық бюджеттік ұйымдарға жылу беріледі. Ал 20 қазаннан бастап көпқабатты үйлерге жулы қосылады.

Еске сала кетейік, ережеге сәйкес Шымкентте жылу беру маусымы орташа тәуліктік температура үш күн бойы +8 градустан төмен болған кезде басталады. Алдағы күндері сынап бағанасы +21 градусқа дейін көтеріледі деп күтілсе де қала әкімдігі барлық бюджеттік ұйымдарға, әсіресе ауруханаларға, мектептер мен балабақшаларға жылу беруге шешім қабылдап отыр.

Синоптиктердің болжамынша, Шымкентте ауа температурасы жексенбі, 14 қазан күні ғана төмендецді деп күтілуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер