BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Шымкентте үш басқарманың басшылары тағайындалды

Фото: ArnaPress.kz

Шымкент. BAQ.KZ тілшісі. Шымкент қаласының әкімдігінде жаңадан құрылған басқармалардың басшылары тағайындалды. Дәлірегі, Шымкент қаласы Ішкі саясат дәне дін істері басқармасы, Тұрғын үй инспекциясы басқармасы және Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшылық лауазымындағы қызметіне кірісті.

Мұрат Базарқұлов – Шымкент қаласы Ішкі саясат дәне дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы қызметіне келді.

Фото: автор

Мұрат Базарқұлов 1980 жылы дүниеге келген. Мамандығы бойынша – саясаттанушы, заңгер. Еңбек жолын 2002 жылы ақпараттандыру және қоғамдық келісім бөлімінде маман болып бастаған. 2005-2009 жж - ОҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұйымдастырушылық жұмыс, талдау және болжау бөлімінің бастығы. 2009-2010 жылдары ОҚО тілдерді дамыту басқармасы бастығының орынбасары, 2010-2018 жылдар аралығында Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы. 2018 жылдың 30 мамырында Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы болған.

Марат Оразәлі – Шымкент қаласының Тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы болды.

Фото: автор

Марат Оразәлі 1972 жылы ОҚО-да дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар. Еңбек жолын 1993 жылы шаруа қожалығының меңгерушісі, кейіннен ҚР ОҚО шетелдік инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігінің бас маманы болып бастаған. 1995-1996 жж - ОҚО туризм және спорт басқармасының жетекші, кейіннен бас маманы. 1996-1998 жж - ОҚО әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлімінің кеңесші-инспекторы. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде тәжірибесі бар. Соңғы қызмет орны - Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Агенттіктің Департамент басшысының орынбасары - тәртіптік кеңестің төрағасы.


Фото: автор

Шымкент қаласы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Әлия Шалхарова тағайындалды.
Әлия Шалхарова 1977 жылы ОҚО Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Мамандығы бойынша - педагог-хореограф, психология мұғалімі, экономика және бизнес бағыты бойынша үшінші білімге ие. Еңбек жолы 1998 жылы «Сафар» Өзбекстан Корея бірлескен кәсіпорны би ұжымының басшысы болудан басталған. 1999 жылдан 2000 жылға дейін «RT-USA» балет тобының менеджері. Өзбекстан Республикасы Клубтық спорттық хореография кооперативі кешенінің көркемдік жетекшісі. 2004-2006 жж - Өзбекстан Республикасы А.Навои атындағы мемлекеттік академиялық театрының көркемдік жетекшісі. 2006-2014 жж - «RAQS TEATRI OFARIN» би театрының директоры, көркемдік жетекшісі. 2016-2018 жж - ОҚО мәдениет басқармасының «Түркістан сарайы» МКҚК-ның директоры.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер