Шымкентте екі бала мен анасын өлтіріп кетті - Аймақ|09 Ақпан 2018, 17:29
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Шымкентте екі бала мен анасын өлтіріп кетті

Қайғылы оқиға Шымкенттің Абай ауданында 8 ақпанда кешке қарай болды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі tvk-uko.kz сайтына сілтеме жасап.

Қылмыс қаланың ескі шағын аудандарының бірінде болды. Полицейлер жер үйден екі баланың және олардың анасының мәйітін тапты. Әйел 1965 жылы, балалары 1996 және 2005 жылы дүниеге келген.

Өлтірген адам отбасының танысы болуы мүмкін деген ақпарат бар. Ол алдымен анасын және үлкен ұлын бір затпен өлтірген. Ал, 12 жасар баласы тығылып қалған. Оны қылмыскер көріп қойып, тұншықтырып өлтірген.

Тергеушілер мен криминалистер оқиға орнында тергеу жүргізіп жатыр. Олар бейнебақылау камераларының жазбасын, саусақ іздерін тексеріп, тұрғындармен сөйлесіп жатыр.

«Өлім туралы учаскелік полиция айтты. Ол бізден бірдеңелер көрдіңіз бе деп сұрады. Бірақ мен ештеңе көрмедім. Мұнда әйел ұлдарымен тұрды. Анда-санда көріп қалғанда амандасатын. Жүзі жылы кісі болатын», - деді көршілерінің бірі.

«Ешқандай ұрыс-керіс, төбелес, ішімдік ішу, жиын болған жоқ. Анасы – еңбекқор, таң атпай тұрып жұмысқа кететін. Кешке дейін жұмыс істейтін. Балалары да жақсы. Менің үлкен ұлыммен кішкентай кезінде бірге ойнап өсті. Аналары жалғыз өзі бағып-қақты. Бізге бір жігіттің фотосын көрсетті. Менің ұлым оны таныды. Ол тура осы жерде тұрған. Сағат 12.45 кезінде болды. Балалар сол уақытта мектепке барады. Жігіт осы жерде тұрып, қарап бақылаған», ― деп бөлісті қайтыс болғандардың көршісі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер