Шымкентте банк филиалының төрағасына іздеу жарияланды - Аймақ|13 Қаңтар 2018, 14:17
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Шымкентте банк филиалының төрағасына іздеу жарияланды

Шымкенттегі әл-Фараби аудандық полиция бөлімі қаладағы банктердің бірінде филиал төрағасы болған Нұржан Көлбаевқа іздеу жариялады. Ол салымшылардың ақшасын алаяқтық жолмен иемденді деп айыпталған. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

45 жастағы Нұржан Көлбаевқа қылмыстық кодекстің «алаяқтық» бабы бойынша айып тағылып, іс қозғалған. Сотқа дейінгі тергеу басталған.

Департаменттің хабарлауынша, қазір полицейлер Нұржан Көлбаев болуы мүмкін мекен-жайларды тексеріп, іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Күдіктінің белгілері: бойы 170 см, орта бойлы, шашы мен көзі қара. Ерекше белгілері жоқ. Полиция қызметкерлері Көлбаев Нұржан Бауыржанұлы туралы ақпарат білсе 8 (7252) 97-60-09, 8 777 612 32 44 немесе «102» телефондарына хабарласуларын сұрайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер