BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Шымкент тұрғыны бұрынғы әйелін пышақтап кетті

Шымкентте ер адам тұрғыны 5 ай бұрын ажырасып кеткен әйелін пышақтап тастаған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Күйеуі әйелін пышақтап тастаған. Содан кейін өз кәнісін толық мойындап, видеоға түсіріп, әлеуметтік желі арқылы таратып жіберген.

Ер адам бейнежазбада осы әрекетін күнә емес, керісінше, Алланың жолындағы міндетім деп мәлімдеме қалдырған. Ал ауыр жарақат алған азаматшаның туыстары күйеу баласының айтып отырған айыптауымен келсіпейді.

Айтуларынша, екі баланың анасы ешқандай жат ағымға кірмеген. Қазір пышақ жарақатын алған келіншек ауыр халде жан сақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер, әйелдің өмірімен күресуде. Бейресми мәліметтер бойынша, күдікті азамат қамауға алынған. Бірақ, бұл ақпаратты ІІД баспасөз қызметі растамады.

«Қызым ешқандай жат ағымға кірмеген. Қайта күйеу балам сектаға кіріп кеткен сияқты. Сақалын, шашын жалбыратып өсіріп алады. Қызымды ұрып-соғып келген. Екеуі бес ай бұрын ажырасып кеткен. Сонда да күйеу балам тыныштық бермеген. Ақыр соңы пышақтап кетті. Әділ жазасын алсын», - дейді жәбірленушінің анасы Сандықыз Жақсылықова.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер