BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Шымкент қаласы үшін «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құнының лимиті ұлғайтылды

Фото: tobyl-torgai.kz

Ұлттық Банкінің басқармасымен қабылданған қаулыға сәйкес Шымкент қаласы үшін «7-20-25» бағдарламасы бойынша сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғарғы сомасы 25 млн. теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұрын бұл сома 15 миллион теңгені құраған болатын, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 19 шілдесінде Шымкент республикалық маңызы бар қаланың мәртебесіне ие болды. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды.

«Бұл Шымкент тұрғындары үшін жағымды жаңалық. Қалада тұрғын үй құрылысы белсенді түрде дамып келеді. Бүгінде Шымкентте 700 мың шаршы метр тұрғын үй салынуда. Лимиттің ұлғаюы қала тұрғындарына тұрғын үй жағдайын жақсартуға қосымша мүмкіндік береді», - деді «Баспана» Ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков.

Осылайша, еліміздің 5 қаласында Бағдарлама аясында тұрғын үйді сатып алудың ең жоғарғы сомасы 25 млн. теңгені құрайды. Бұлар Астана, Алматы, Ақтау, Атырау және Шымкент. Басқа өңірлерде Бағдарлама бойынша тұрғын үйді 15 млн теңгеден қымбат емес бағаға сатып алуға болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер