BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Шымкент қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Бүгін Шымкент қаласы әкімі Нұрлан Сауранбаевтың өкімімен Ғабит Патшаханұлы Мәуленқұлов қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Оtyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Ғабит Патшаханұлы бұған дейін Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің қызметін атқарып келді. Жаңа қызметте Мәуленқұлов құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары мәселелеріне жауапты.

Ғабит Патшаханұлы 1977 жылы 22 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылында дүниеге келген. Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Халықаралық құқық және нарық академиясы мамандығы бойынша жоғары білім алған. Алғашқы еңбек жолын 2000 жылы Каспий экологиялық прокуратурасының маманы, Каспий экологиялық прокуратурасы прокурор көмекшісінің міндетін атқарушысы болып бастаған.

2001 жылы Атырау табиғатты қорғау прокуратурасы прокурор көмекшісінің міндетін атқарушысы, 2002 жылы Астана қаласындағы «Астана Интернационал» ЖШС заңгері, 2003 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот аппараты азаматтарды қабылдау және шағымдар бөлімі экспедициясының, кадрлық жұмыс басқармасының референті, 2004 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот аппараты кадрлық жұмыс басқармасы соттардың іс-әрекетіне шағымдану жұмысы бойынша инспекциясының, соттардың іс-әрекетіне шағымдарды қарау бөлімінің консультанты болған.

2010 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот аппараты шағымдарды қарау және кадрлық жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары, азаматтық және әкімшілік жұмыстары бойынша хатшылық алқасының, құжаттандыру және бақылау бөлімінің меңгерушісі болып істеген.

2016 жылдың тамыз айынан бастап бүгінге дейін Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі лауазымын атқарды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер