BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Шығыс Қазақстанда Street workout алаңдары салынбақ

Аягөз ауданында 50 млн теңгеге жуық қаржыға Street workout алаңдары салынбақ, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен жылы «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» саябағында «Туған жер» бағдарламасы аясында Төлеутай Ысқақұлының бастамасымен «Street workout» алаңы құрылған болатын. Бұл іс көше спорты мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға тың серпін берді.

Аталмыш игі бастаманың жалғасы ретінде енді 2018 жылы Аягөз ауданы бойынша 10 алаң жасақталмақ. Атап айтқанда Аягөз қаласында 3 алаң, Ақтоғай кентінде, Баршатас, Тарлаулы, Мамырсу, Тарбағатай, Бидайық және Қосағаш ауылдық округтерінде «Street workout» алаңдарын орнатылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер