BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Шығыс Қазақстанда кеніштердің бірінде жұмысшы қаза тапты

Қайғылы оқиға ШҚО-дағы Орлов кенішінде болған. Кеніштегі көтеру қондырғысының машинисті оқиға салдарынан сол қолынан жарақат алған. Ол ауруханаға жеткізілген. Алайда келесі күні жарақат алған әйел көз жұмған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған кен орны «Востокцветмет» ЖШС-ға тиесілі. Бұл фирма «KAZ Minerals» компаниясының құрамына кіреді. Жұмысшының өліміне қатысты «KAZ Minerals» компаниясының корпоративтік байланыс департаментінің менеджері Ермек Дюскенев түсініктеме берді.

«Қазіргі таңда мемлекеттік органдар мен «KAZ Minerals» компаниясы тобынан құралған арнайы комиссия құрылды. Қайғылы оқиғаның неден болғаны әлі анықталған жоқ. Комиссия жұмысының қорытындысы шыққан кезде хабарлаймыз. Аталған мәліметтер негізінде қаза тапқан жұмысшының жақындарына өтемақы төлеу мәселесі қаралады. Компания жұмысшыны жерлеу рәсіміне де көмек көрсетеді», - деді қызметкер.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер