BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Шығыс Қазақстанда 470 жазасын өтеуші тұрақты жұмыспен қамтылған

Фото: altaynews.kz

Астана, BAQ.KZ. Аймақтағы ОВ-156/3 және 156/20 түзеу мекемелерінде облыс прокурорының көшпелі қабылдауы өткізілді. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

Іс-шара барысында қамаудағы сотталғандармен әңгіме өткізіліп, олардың тұрғылықты жері, медициналық-санитарлық бөлімі мен тәртіптік оқшаулағыштары қаралды.

Биыл Жаңа Согра кентіндегі ОВ-156/20 мекемесі барынша қауіпті мекемеден төтенше түріне қайта бейімделген, бұл жерде 500 сотталған жазасын өтеп жатыр. Сотталғандармен жеке әңгіме өткізу барысында оларды ұстау жағдайлары, медициналық қызмет, тамақтану, заттай қамтылу мәселелері қозғалды.

Облыс прокуроры Құсайын Игембаев сотталғандарға жазаны жеңілдету немесе қылмыстық саясатты ізгілендіру жөніндегі қолданыстағы Заң шеңберінде орындау тәртібін өзгерту туралы талап-тілек білдіру негіздерін түсіндірді.

Жеке қабылдау барысында барлығы 10 сотталушыдан арыз түсіп, олар бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ, облыс прокуроры қызмет істеп тұрған өндірістің, атап айтқанда, мекеменің аумағында кәсіпкерлік нысандарын тартумен ашылған жиһаз және тігін цехтарының, темір бұйымдарды дайындайтын шеберхананың жұмысымен танысты.

Қабылданған шаралар нәтижесінде барлығы 470 сотталушы тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл өз кезегінде жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеуге мүмкіндік беретіндігі аталып өтілді.

Облыс прокуратурасы түзеу мекемелеріне баруды алда тұрақты түрде жалғастырады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер