Шығыс Қазақстанда 13 елді мекенге қауіп төндіріп тұрған 146 көл бар - Аймақ|08 Тамыз 2018, 14:48
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.66 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

Шығыс Қазақстанда 13 елді мекенге қауіп төндіріп тұрған 146 көл бар

Фото: Weproject.kz

«Қазселденқорғау» мекемесінің қызметкерлері Катонқарағай ауданындағы қауіпті су қоймаларында тексеру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мамандар Сарымсақты өзенін сай-саласына дейін қарап шықты. Жалпы көлемін және бірнеше жерден тереңдігін өлшеді.

«Су тереңдігі қайық үстінен эхолот көмегімен өлшенді. Бұл су астындағы жер бедерін және судың көлемін анықтау үшін қажет. Мамандар жұмысының нәтижесінде ол су қоймаларының ешқандай қауіп төндіріп тұрмағанына көз жеткіздік. Жалпы ШҚО тауларында 13 елдімекенге қауіп төндіріп тұрған 146 көл бар. Бұл су қоймаларының басым көпшілігі Зайсан, Катонқарағай, Зырян, және Риддерде. Алдағы уақытта осы жерлерде тексеру жұмыстары жүргіземіз», - делінген ШҚО ТЖД баспасөз хабарламасында.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер