BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Семейдегі ескірген жеделсатылардың барлығы тексеріліп жатыр

Фото: myalexandriya.blogspot.com

Жеделсатыда тұрып қалу, оның жиі істен шығып қалуы Семейде күнделікті көрініске айналған. Сөйтсек, бұл техниканың жарамдылық мерзімі 25 жыл екен, ал Семейдегі көппәтерлі үйлердегі жеделсатылардың жұмыс істеп тұрғанына 35 жыл болып кеткен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Бас прокуратура жарлығымен қаладағы жедесатылардың барлығын тексеріліп жатыр. «Семей Лифт» ЖШС қаладағы жеделсаты мәселесімен айналысатын үш ұйымның бірі.

«Бұл тексерулер Қазақстанның барлық қалаларында жүріп жатыр, себебі Астана мен Ақтөбеде қайғылы оқиғалар орын алды. Семейде де қайталануы мүмкін», - дейді «Семей Лифт» ЖШС директоры Сергей Калинин.

Маусымның 2-сі күні ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасының жетекшілігімен болған жиналыста, Семейдегі жеделсатылар облыстағы ең қауіптілер деңгейіне жатқызылған. Семей тұрғындары жеделсатыларын тексертуге қаражатты әрең-мәрең жинайдығ, сондықтан олар тіпті өздерінің ескіріп кеткен жеделсатыларын ауыстыруға мүмкіндіктері жоқ.

«Жаңа жеделсаты барлық орналастыру жұмыстарын қосқанда 7 миллион теңге тұрады. Ондай қаражат тұрғындарда жоқ. Жекеменшік ПИК мекемелері тұрғындардың өкілдері болып саналады. Бірақ олар жеделсаты «бізге қатыссыз» деп қашып отыр. Бізге сілтейді. Біз жедесатылардың тек техникалық ақауларын ғана тексере аламыз. Ал жеделсатының қолданылу мерзімін тұрғындардың пәтерлері қарасты ПИК-тер өз назарына алу керек», - дейді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер