BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Семейде қатты жел: мектеп оқушыларына сабақ болмайды

Астана, BAQ.KZ. Жексенбі күні Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын болады. Қарлы аймақтарда жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін.

«Семей. Жел жылдамдығы – 20 м/с. Екінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды», - делінген қалалық білім басқармасының хабарламасында.

Жақында «Қазгидромет» РМК-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с жететінін ескерткен болатын.

Жексенбі күні ШҚО-да жауын-шашын болады. Таулы аймақтарда жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер