BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Санавиация ұшып бармақшы болған әйел қайтыс болды

Шымкентте санавиация ұшып бармақшы болған әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкенттің облыстық ауруханасында Алматыдан профессорлар ұшып бармақшы болған әйел қайтыс болған. Осы ақпаратты аурухананың бас дәрігері Марат Пашимов растады.

30 жастағы Мереке Козкенованың соңында алты баласы қалды. Ал нәрестенің туғанына үш апта болған екен.

Әйел босанған соң Түркістаннан Шымкент ауруханасына 2 қазанда жеткізілген. Сәбиді 16 қыркүйекте босанған. Осы уақыт бойы түркістандық дәрігерлер оның өмірін аман алып қалу үшін қолдарынан келгенін жасады. Оған сепсис, бауыр циррозы деген диагноз қойылған.

Осыған дейін әуе апатынан қазақстандық белгілі дәрігер-профессорлардың қаза тапқаны хабарланған болатын.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 3 қазанда кешкі уақытта Алматыдан Шымкентке дәрігерлер бригадасы ауыр жағдайда жатқан жас босанған әйелге көмектесу үшін аттанған.

Еске салайық, 3 қазанда East Wing әуекомпаниясының АН-28 ұшағы ұшып шыққаннан кейін 12 минут өткенде радардан жоғалып кеткен еді. Кейін ұшақ Алматы түбінде өртеніп жатқан жерінен табылған. Бортта болған бес адам қаза тапты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер