BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Сағынтаев ШҚО-да Елбасының тұрғын үй сапасы мен қолжетімділігін арттыру тапсырмасының іске асуымен танысты

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында өңірде тұрғын үй сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Н. Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» халыққа Жолдауында өмір сүруге жайлы орта қалыптастырудың негізгі факторларының бірі ретінде сапалы әрі қолжетімді тұрғын үйдің болуын атап өтті.

Семей қаласында салынып жатқан «Қарағайлы» шағын ауданының мысалында Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының Шығыс Қазақстан облысындағы тұрғын үй құрылысы бойынша берген тапсырмаларының орындалу барысымен танысты. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан шағын аудан қаланың оң жағалауының солтүстік бөлігінде, экологиялық таза бос аумақта, 787 мың м² тұрғын үй қорымен 200 мың гектар ауданымен жобаланған. Премьер-Министрге 25 мыңнан астам адамды баспанамен қамтамасыз ететін «Ақсай» тұрғын үй алабы жоспарының жобасы таныстырылды.

Айта кету керек, мұнда Елбасы алға қойған міндеттердің бірі әлеуметтік инфрақұрылым нысандары да салынбақ. 1200 орындық екі жалпы білім беретін мектеп, 370 орындық үш балабақша, 150 орынға шақталған балаларды оңалту орталығын, дене шынықтыру–сауықтыру кешенін және т.б. салу көзделген. «Абай Арена» мәдени-спорт кешенінің жобасы спорт залы, 5000 көрермен орны бар 3 қабатты ғимарат түрінде жасалған. Кешенде бассейндер мен түрлі спорт түрлерімен айналысуға арналған бөлмелер болады.

Сонымен қатар, облыс әкімі Д. Ахметов «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру аясындағы өңірдің басқа да инфрақұрылымдық жобалары туралы баяндады. Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысында қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үй құрылысына 18,6 млрд теңге инвестиция бағытталған. 195,1 мың шаршы метр немесе 1823 тұрғын үй пайдалануға берілді, оның 629-ы — жеке тұрғын үйлер. 2018 жылы баспананы пайдалануға беру жоспары 8%-ға өсіп, 410,5 мың м² құрады. Бұдан әрі көлемдер ұлғайтылмақ — 2021 жылы 517,1 мың м² құрайды. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін, облыста 2018–2020 жылдары 184 үй (15 905 пәтер) салу көзделген. Қазіргі таңда 81 көппәтерлі тұрғын үй (6 497 пәтер) салынып жатыр, оның 45-ін (3576 пәтер) биыл пайдалануға беру жоспарда бар. 2018 жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізумен Өскеменде 54 жеке үй (5,1 мың м²) және Семейде 50 жеке үй (5 мың м²) құрылысы басталды.

Бұдан өзге, Премьер-Министр Қарағайлы тұрғын ауданының маңында 320 орынға арналған балабақшаға барып, мектепке дейінгі білім беру сапасымен танысты. Бұл балабақша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынып, биыл тамыз айында аяқталды. Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында атаған тапсырмаларын іске асыру тұрғысынан сапалы білім беру қызметтерін ұсынуға қажетті барлық жағдайлар жасалған. Б. Сағынтаев балалардың жан-жақты дамуына бағытталған жаңа білім беру технологияларымен танысты. Сонымен қатар, тәрбиешілер өздерінің кәсіби қызметінде зияткерлік дамудың жаңа үлгісіне сәйкес келетін әдістемелік құралдарды, оқытудың тәсілдері мен амалдарын қолданатын болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер