BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.76 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Сағынтаев Павлодар облысына жұмыс сапарымен келді

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Павлодар өңіріндегі ірі өндірістік кәсіпорындарын аралап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысады деп күтілуде, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Премьер-министр жұмыс сапарын «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ құрамына кіретін «Восточный» кенішінен бастады. Бұл жерде ол №2 циклдік-толассыз аршу кешенін іске қосуынан кейін жылына қатпар 10 миллион текше метрге дейін жеткізілмек. Бұл – елімізде баламасы жоқ өндіріс. Жобаға құйылған инвестиция 13,5 миллиард теңгені құрады.

Сонымен қатар, Екібастұзда министрлер кабинетінің басшысы №36 мектеп-лицейіндегі мультимедиалық, робототехника кабинеттерімен, төрт зертханамен, екі компьютер сыныптарымен және көпфункционалды спорт залымен жабдықталған.

Кейін Премьер–министр «БНКА Энерджи» ЖШС-ің криптовалютаны табумен айналысатын майнинг орталығына барады деп күтілуде. Қазіргі кезде кәсіпорын 18 МВт тұтынады, ал 2018 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш екі есе өседі деп күтілуде.

Бақытжан Сағынтаев түс ауа Павлодар түрлі-түсті металлургия колледжінің Студенттер үйіне де ат басын тіреп, былтыр қолданысқа берілген 200 орындық жатақхананы араламақ. Айта кетйік, дуалды білім беру бағдарламасы шеңберінде Металлургия саласына кадрлар даярлауға қызығушылық танытқан Қазақстан алюминийі зауыты құрылысқа 580 миллион теңге бөлген.

Облыста дуалды білім беру бағдарламасы бойынша жұмысшы мамандықтарды даярлауға басымдық берілген. Өңірдегі жергілікті білім беру басқармасының мәліметінше, облыста техникалық және кәсіби білім беретін 51 ұймы бар. Олардың отыз алтысы - мемлекет меншігінде. Оқыту экономика салалары үшін маңызды 82 мамандық бойынша жүргізіледі.

Бұдан кейін үкімет басшысы денсаулық сақтау және білім беру мәселелеріне арналған жиындарға қатысады. Нақтырақ айтқанда, Павлодар облысының денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру барысымен таныспақ.

Айта кетейік, Павлодар – денсаулық сақта ужәне білім беру салаларын цифрландыру бойынша көш басында.

Салалық емкеменің мәліметінше, бүгінгі күні облысымыздың барлық медициналық ұйымдарына медициналық ақпараттық жүйелер енгізілген. 660 мыңнан астам электрондық денсаулық паспорты тіркелген. Бұл тіркеуге тұрған тұрғындардың 84,95%-ын құрайды. Сандарды сөйлетсек, 33 мыңнан астам адам пациенттердің жеке кабинетін ашқан. 1 миллионнан астам азамат қабылдауға жазылған, оның 20 мыңы пациенттердің жеке кабинеті арқылы тіркелген.

Министрлер кабинетінің басшысы «Достық үйінде» «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Аймақтық кеңесімен кездесір, бизнес-қауымдастық өкілдерімен шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін талқылайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер