BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Ресей «Байқоңырдан» біржола кетуді жоспарлап отырған жоқ – Көшербаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Ресей тарапы «Байқоңырдан» біржола кетуді жоспарлап отырмағанын мәлім етті.

Алдымен өңір басшысы Қазақстан мен Ресейдің Байқоңыр қаласында арнайы экономикалық аймақ құру мәселесіне қатысты өз пікірін білдірді.

«Тағы бір мәселе көтеріліп отыр. Оны енді (Қазақстан мен Ресейдің - автор) мемлекет басшылары қарайды деген үміттеміз. Үкіметаралық комиссияға ұсыныс берілді. (Байқоңырда – автор) арнайы экономикалық аймақ құру бойынша. Өйткені, Байқоңырға инвестиция салуға ниетті мемлекеттер көп. Мысалы, Біріккен Араб Әмірліктері, Қытай және т.б. елдер бар. Ресей мен АҚШ арасындағы санкцияларға қарамастан Қазақстанның территориясы арнайы экономикалық аймақ болса, салықтық преференциялар қаржы салуға мүмкіндік береді», - деді облыс әкімі ОҚК-де өткен брифингте.

Сондай-ақ Қырымбек Көшербаев Ресейдің «Байқоңыр» ғарыш айлағынан біржола кетуді жоспарлап отырмағанын атап өтті.

«Ресейліктер «Байқоңырдағы» барлық жұмысты бітіріп, «Восточный» ғарыш айлағына көшеміз деп отырған жоқ. Олар көптеген жобасын «Байқоңыр» арқылы іске асуына мүдделі екенін айтып отыр. Өйткені, ғарыш айлағының орналасуы және барлық жағынан алғанда «Байқоңыр» тиімді. Сондықтан Петропавл қаласында 9-қарашада өтетін жиында «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға беру мүмкіндігін одан әрі жалғастыру туралы шешім қабылданады деп күтілуде», - деп түйіндеді сөзін өңір басшысы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер