BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Аударылған вагонда қайтыс болған бала ата-анасымен Ыстықкөлге демалуға бара жатқан

Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысы Шу ауданында 17 маусымда орын алған теміржол апаты 12 жастағы Алексей Малинёвтың өмірін жалмаған. Қайғылы оқиғаның белгісіз жақтары мен қайтыс болған жасөспірімнің туралы Малинёв отбасының жақын құрбысы Наталья Шайхова айтып берді. Бұл туралы туралы Baq.kz ақпарат агенттігі Informburo.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Кушок ауылына олар осыдан 10 жыл бұрын көшіп келген. Леша осы жылы алтыншы сыныпқа көшуі керек болатын. Ольга мен Григорий жақын манда көмір өндіретін компанияда жұмыс істейді. Әкесі дәнекерлеуші, ал анасы тазалаушы қондырғыларда жұмыс істейтін. Отбасы өте тату болатын, олардың Лешадан басқа Андрей есімді кіштентай ұлы бар. Балалар өте белсенді және достары да көп болатын. Сол күні олар Қарағандыдан Алматыға жолға шыққан, ал ол жерден Ыстықкөлге кетуі керек еді. Бұл отбасы үшін көптен күткен демалыс болатын және ол үшін олар ұзақ ақша жинаған. Барлығымыз есеңгіреп қалдық, Лешаның апасы болған жағдайға әлі де сене алмайды. Бүгін Лешаны алып келеді деп күтіп отырмыз», – дейді Наталья Шайхова.

Кушок ауылы Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында, қаладан 50 шақырым қашықтықта орналасқан. Бүгінде ауыл тұрғындары отбасына көмек көрсету үшін қаржы жинауда. Ал, ҚТЖ-да қайтыс болған баланың отбасына төленетін өтемақының сомасы мен ТЖ бойынша одан ары әрекеттері анықталуда.

«Апалары олармен бірге бір алаңда өмір сүреді. Ол оларды демалысқа жіберіп, өзі екі үйді қарап қалған. Бүгінде балалар Лешаны ойнауға шақырып келуде, ал ол болса «Леша жоқ, ол қайтыс болды», деп жауеп беруде. Бүгінде жерлеу мәселесі шешілуде», – дейді отбасының жақын құрбасы.

Айта кетейік, оқиға орнында бас көлік прпокуратурасы, жергілікті атқарушы органдар мен барлық төтенше қызметтер жұмыс істеуде.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Шуда пойыз апатынан зардап шеккендердің тізімі жарияланды.

Жамбыл облысының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, пойыз апатынан 2006 жылы туған бала қаза тапқан. Оның есімі – Малинев Григорий Александрович. Сондай-ақ 14 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Оқыс оқиғадан зардап шеккен 1 азамат ауруханаға жатқызылған. Оның жағдайы тұрақты. 13 адам дәрігерге қаралған соң үйлеріне жіберілген.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы пойыз апатынан төмендегі азаматтардың зардап шеккенін алға тартады:

Исламғали Ақерке Бақытовна;
Самат Сұлтанәлі;
Өміржанова Әйгерім Құрмангазиевна ;
Даутов Әлішер Кенжеболатұлы;
Байжанов Альби Махамбетиярович;
Аубакиров Дидар Ахатұлы;
Талғат Кәмшат;
Каримова Айгүл;
Сексенбаев Уәлихан Молдагулович;
Воронцова Алина Юрьевна;
Воронцова Ева Валентиновна;
Севдеева Наталья Дмитриевна;
Севдеева Софья Дмитриевна;
Бозлаков Алмат Жомартович.

Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 17 маусым күні сағат 13.25 шамасында, «Шығанақ-Шу» учаскесінің «Жиделі-Бірлік-1» перегонында жолаушылар тасымалдайтын Астана қаласынан Алматы қаласына бағыт алған №9 пойызының 6 вагоны рельстен шығып кетті. Төтенше жағдай салдарынан 3 адам жарақаттанып, бір адам қаза тапты. Кейін жолаушылар Шу станциясына басқа пойызбен жеткізілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер