BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Qazaq Air Алматы – Семей бағытын қайта жандандырды

Алматы, BAQ.KZ. Qazaq Air әуекомпаниясы 14 желтоқсанынан бастап Алматы мен Семей бағыты бойынша қайта қатынайтын болады.

Бұл бағдар 2017 жылдың көктемінде Семей қаласының әуежайы қайта құру жұмысын бастағаннан кейін тоқтатылған болатын. Ал сәтті өткен әуежай аудитінің нәтижесінде аймақтық Qazaq Air әуекомпаниясы Шығыс Қазақстан облысындағы ірі қалалардың бірі болып саналатын Семейге үстіміздегі жылдың желтоқсанында қайта ұша бастайды. Сапар әр дүйсенбі мен жұма сайын заманауи, әрі жайлы Bombardier Q400 NextGen әуелайнерлерінде орындалатын болады.

«Біз Алматыдан Семейге қатынайтын рейстерді жандандыратынымызды қуана хабарлаймыз. Семей әуежайының қайта құру жұмыстары басталарда аталмыш бағыт оңтүстік астана тұрғындарымен қатар ШҚО аумағы бойынша екінші қала тұрғындары арасында да жоғары сұранысқа ие болды. Жаңартылған әуеқатынас жолаушыларға Qazaq Air ұсынатын жайлылық пен жылдамдықты таңдауға мүмкіндік береді», – деп мәлімдеді Qazaq Air-дің коммерция департаментінің директоры Адель Даулетбек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Желтоқсан 2018, 14:17
Air Astana жаңа ұшақпен толықты
Пікірлер