BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Петропавлда «Желкенді қайық» клубы ашылады

Фото: автор

Петропавлда бұған дейін жекеменшікте болған Пестрое көлі мемлекет меншігіне қайтарылып, жағалауы абаттандырылды. Жаңартылған жағажайда болашақта «Желкенді қайық» клубын ашуды жоспарлауда, деп хабарлайды «Baq.kz» аймақтағы тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Пестрое жағалауының абаттандыру жұмыстарымен танысты. Жаз мезгілінде жағажай қалпына келтіріліп, балалар алаңқайы, шамдар орнатылып, көлік тұрағы салынған. Бұрын жағажайда бір уақытта мың адам демалса, енді жаңа жағажайда 2 мың адамды еркін тыныға алады.

«Бұрын қараусыз қалып, қамыс өсіп жатқан 21 мың шаршы метр жерге 31 мың текше метр құм төселді. Осылайша жағажай халық демалысын көңілді өткізетін көрікті жерге айналды. Бұл іске мемлекеттік қазынадан 58 млн. теңге бөлінді. Алаңның 5400 шаршы метріне кеспетас төселді. Одан бөлек абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, балалар алаңын, екі жерден шатыр орнаттық» - деді Петропавл қаласының әкімі Марат Тасмағамбетов.

Сондай-ақ, 50 шам орнатылып, 100 тал егілді, 2 көлік тұрағы да ашылды. Жағажай бұрын жекеменшік қолда болғандықтан нысанда тиісті жұмыстарды жүргізбеген.

«Жағажайға келушілер саны 2 есе артатынына сенімдімін. Мұнда «Желкенді қайық» клубын ашып, балаларға кішкентай қайықтарды басқаруды үйретеміз. Әлі де атқарылатын жұмыс баршылық, көлді тазалаймыз. Сонымен қатар осы маңдағы мақсатсыз пайдаланып жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтарып, тұрғындар игілігіне жарайтын нысандар ашамыз. Бұл жерде әр түрлі мәдени шаралар өткізуге болады», - деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер