BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Петропавлда жаңа теннис орталығы ашылды

Петропавл, Baq.kz. Бүгін Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында Петропавл қаласында әмбебап теннис орталығы ашылды.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен ForteBank бірлесіп спорт нысанына 1,7 млрд. теңге инвестиция салған. Жергілікті әкімдік пен қаржы ұйымының әріптестігімен жүзеге асқан нысанның құрылысы өткен жылдың сәуір айында басталып, бүгінде жайлы спорт орталығы қалалықтарға пайдалануға берілді.

Бұл жобаға елдегі балалар теннисін дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқан Қазақстан теннис федерациясы бастамашы болған.

«Қазақстанда теннис ойыны жоғары деңгейде танылып келеді. Жаңа орталықта 250-ден астам бала шұғылданады. 2019 жылдың бірінші жартысында Петропавлда ATF сериясы турнирі, ал 2019 жылдың екінші жартысында ITF сериясы халықаралық турнирі өтеді. Енді спортшы жеткіншектер еліміздегі турнирлерге қатысып қана қоймай, жақын және алыс шетелдердің кәсіби теннисшілерін бақылауға мүмкіндіктері бар», – деп түсіндірді теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев..

Екі қабатты кешенге төрт жабық және үш ашық корт, 1 200 көрерменге арналған трибунасы бар орталық корт кіреді. Жобаның жалпы ауданы – 7 239 шаршы метр.

«Біз осындай маңызы зор және әдемі жобаның қатысушысы болғанымызға қуаныштымыз. Әлеуметтік жобаларды қаржыландыру біздің қызметіміздің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, жаңа спорт орталығы кәсіби спортшыларды даярлау бойынша қазіргі заманғы жаттығу базасы ғана емес, Петропавл тұрғындары арасында танымал болады деп сенемін», - дейді Fortebank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили.

Жаңа спорт кешенінде кәсіби және әуесқой тенниспен айналысу үшін барлық жағдай жасалған.

«Елбасы тапсырмасымен қолға алынған Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясындағы әлеуметтік маңызды жобаны жүзеге асыру – бірегей теннис орталығын салу біздің банкпен ынтымақтастығымыздың бір мысалы болып табылады, ол бүгінгі күннен бастап қала тұрғындарына жайлы теннис корттарында, волейбол және баскетбол алаңдарында уақыт өткізуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Құмар Ақсақалов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер