BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 338.78 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.82 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Петропавлда атышулы атысқа қатысты сот отырысы басталды

Петропавлда Темірлан Бектас пен Қайрат Аушахмановтың ісі бойынша алғашқы сот отырысы басталды. Жұрттың жағасын ұстатқан оқиға биылғы жылы шілденің 28 күні таңғы сағат төрттер шамасында болған. Петропавл қаласындағы «Парк-Сити» түнгі клубының маңындағы кикілжің атыспен аяқталған болатын. Денсаулығына аса ауыр зиян келген Ербол Хамитов әлі күнге дейін Алматы қаласындағы ауруханалардың бірінде ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Төбелес салдарынан Ербол Хамитовтың тісі сынып, сол жақ білегінен жарақат алды. Мұнымен тынбай, оқиға келесі күні Ойқала ауданында жалғасын тапқан. Тал түсте күдіктілер бытырадан оқ атып, Ербол жарақат алды. Оқ тиген аяғын дәрігерлер ота жасап, тізеден төмен кесуге мәжбүр болды. Тергеу амалдары кезінде күдікті Темірлан Бектастың зақымдайтын тапаншадан атқаны, ал қасында Қайрат Аушахмановтың болғаны анықталды. Бүгінде олар ҚР қылмыстық кодексінің 293 бабының 3 бөлімі 2 ші тармағы «Бұзақылық, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу, денсаулыққа зиян келтіретін құралды қасақана пайдалану» бойынша жауапқа тартылуда. Сонымен қатар, күдіктілерге алдын-ала жоспар құрып, бірлесе қылмыс жасады деген де айып тағылуда. Бірақ, күдіктілер онымен келіспей отыр.

«Өз кінәмды жартылай мойындаймын. Бектасовпен келісіп, топтық қылмыс жасады дегенмен келіспеймін. Біз әдейі жасаған жоқпыз», - дейді айыпталушы Қайрат Аушахманов.

«293-баптың екінші тармағын мойындамаймын. Қастандық жасау ойымызда болған жоқ. Не болғанын өзім де түсінбей қалдым», - деп ақталмақ болды сот алдында жауап берген Темірлан Бектас.

Алғашқы сот отырысында 4 куәгерден жауап алынды. Келесі сот отырысы қазанның 18-і өтеді деп жоспарланған. Оған Ербол Хамитовтың өзі келеді деп күтілуде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер