BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 431.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Петропавлда агротехнологиялық парк ашылды

Фото: Автор

Петропавлда агротехникалық парк ашылды. Аталған жоба – М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемелкеттік университеті мен Қытай Халық Республикасы Шаньси провинциясының Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылы университетінің бірлескен жұмысының нәтижесі, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де биыл 18 жаңа мамандық ашылды. Жоғары оқу орнында 7 мыңнан астам студент білім алады. Жаңа оқу жылынан агротехникалық факультет өз жұмысын бастады. Ауыл шаруашылығы саласына маман даярлау - қытайлық ғалымдармен бірлесе отырып жүзеге асырылмақ. Екі елдің университеттері әріптестік жөніндегі құжаттарға қол қойды.

«Агротехникалық парк ашудағы басты мақсат – жаңа технологияларды меңгеру, жергілікті жағдайға бейімдеу. Түрлі дақылдарды сынақтан өткіземіз. Оларды Солтүстік Қазақстанның табиғатына бейімдеу жолдарын зерттейміз. Тәжірибелік жұмыстарды мамырда бастап кеткенбіз. Болашақта осы бағытта еңбектенеміз», - дейді М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің Агротехникалық факультетінің деканы Алтын Шаяхметова.

Екі ел арасындағы әріптестік аясында СҚМУ-нің Агротехнологиялық факультетінің студенттері ҚХР Шаньси провинциясындағы Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университінде 6 ай бойы білім алады. Олар топырақтың ерекшелігі мен климаттың кері әсерін ескере отырып мол өнім алу жолдарын меңгереді.

«Біздің провинция шөлді жерде орналасқан, сондықтан ауылшаруашылығы саласының мамандарын даярлайтын біздің университет шөл даладағы егістіктен мол өнім алу мәселелерін зерттейді. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы агробиостанцияда қытай мамандары шығарған бидай, зығыр, бұршақ, картоп және тағы басқа дақылдар мен көкөністер зерттеліп, жақсы нәтиже көрсеткен жағдайда, тұқым жергілікті шаруашылықтарға беріледі», - дейді ҚХР Шаньси провинциясының Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылы университетінің кеңес төрағасы Ли Сиван.

Жергілікті мамандар екі ел арасындағы әріптестік ғылым саласында жақсы нәтиже беретініне сенім білдірді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер