BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 365.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Павлодарлық тұз өндірушілердің болашақ саябағына 64 шырша отырғызылды

Фото: gardenstar.ru

Павлодардағы тұз өндірушілердің саябағында көгалдандыру жұмыстары аяқталуда, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Промгорсервис» ЖШС мердігер ұйымының директоры Евгений Клюкиннің айтуынша, болашақта қалалықтар демалатын орында көк шырша отырғызылып, тас төселуде.

«Кешеннің толық дайын болуына енді бес күндей қалды. 64 жас көк шырша отырғызудамыз. Оның 56-сы бір жарым метрлік болса, қалғандары үш метрліктер. Оған қоса, көгал орнатып жатырмыз. Ол көктемде дайын болады. Суаратын жүйе де дайындалуда. Біздің жақсы көгалдандырушымыз бар. Шыршаларға сол жауап береді», - дейді мердігер.

«Промгорсервис» ЖШС жарықтандыру, суару жүйесіне екі жылға кепілдік береді. Шырша отырғызуға еңбек ардагерлері, облыс және қала әкімдері қатысты.

Болат Бақауов ақсақалдармен нысанды тапсырмай тұрып, соңғы жұмыстарын талқылады. - Біз шамамен 1903 жылғы суретті таптық. Ол суретте қасында бірнеше түйелері бар тұз тауы бейнеленген. Ескерткіш үшін түрлі ұсыныстар қаралды. Мен тұз бен жүк тасыған түйеден басқа темір жолдағы кішкентай вагон салуды ұсындым. Жалпы, көрнекті дүние болады, - дейді облыс әкімі.

Нәтижесінде таңдау үстінде тұзы бар жаңаөзендік ақ ұлутасты 800 келілік төрт блоктан тұратын ескерткішке түсті.

Жоба авторы Игорь Исаков тәжік-ауған қақтығысының әскерлеріне арналған ескерткіштің және Астана жақтан кіре берістегі стелланың да құрастырушысы.

Айта кетейік, өңір басшысы «Назарбаев зияткерлік мектебінің» жанындағы ағаш отырғызу жұмысына да ат салысты. Болат Бақауов ол жерде емен отырғызды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер