BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 356.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.42
Астана:

Павлодарлық көпбалалы ана жарық үшін 1 млн теңге қарыз еместігін сотта дәлелдеді

Павлодарлық көпбалалы ана энергетиктермен сотта кездесіп, жарық үшін 1 млн. теңге қарыз еместігін дәлелдеді, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Павлодар қалалық сотында өткен отырыста 53 жасар Ұлар Маманның монополистке қарыз емес екені анықталды.

«Ұлар Мананның шағымы бойынша «Павлодар электржелілік тарату компаниясы» АҚ-ның талабы мен толтырылған актісі жарамсыз деп танылды», - деді Павлодар қалалық сотының судьясы Бақыт Сатиева.

Енді мекеме тұтынушының сотқа шығындаған 101 мың теңгесін өтеуі тиіс.

Еске сала кетсек, Ұлар Маман мен оның туыстары электр көзінен өткен жылдың желтоқсан айында ажыратылған болатын. Энергетиктер көпбалалы ана пайдалған 81 100 киловатт-сағат жарыққа 928 мың теңге төлеуді талап еткен. Сонымен қатар, зейнеткердің үйін электр энергиясынан ажыратып тастаған. Бұл әрекетке наразы болған зейнеткер энергетиктерді сотқа берді.

Ұлар Мананның айтуынша, ол энергетиктердің құжатына қол қойғанмен, қандай келісімін бергенін түсінбеген. Мамандар есептеуіш құралын тексеріп, тексеріс жөннідегі актіге қол қойғызған. Кейін тұрғын бұзушылықтар жөніндегі актіге қол қойып, келісімін бергеніне көз жеткізді.

Айта кетейік, Ұлан Манан бұл үйінде 10 жыл бойы тұрады. Көпбалалы ана ретінде зейнетақы алатын азаматша тұтынушылық міндеттерін дұрыс орындайды


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер