BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Павлодарлық 6 жастағы қыз бір жарым сағат бойы балконда салақтап тұрған

Фото: Скриншот

6 жастағы қыз бала Павлодар қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің балконның сыртында 1,5 сағат бойы қолымен асылып тұрды, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі.

Оқыс оқиға Суворов көшесінің бойындағы көпқабатты үйде болды. 2012 жылы туған қыз бала Павлодар облыстық төтенше жағдайлар қызметі жедел құтқару бөлімі мамандарының күшімен құтқарылды.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, жеткіншек үйде ата-аналарының қарауынсыз жалғыз қалған. Куәгерлердің сөзіне сенсек, қыз бала балконда 1, 5сағат бойы «ілініп» тұрған.

«Аталған оқиғаға байланысты шақырту кезекшілік пультке сағат 10.26-да түсті. Аталған мекенжай бойынша төрт құтқарушы шұғыл аттанды. Секенова А.М. есімді қыз құтқарылды. Құтқарушылардың көмегімен бала өзім аузынан аман қалды. Егер жедел түрде көмек көрсетілмесе, арты қайғылы оқиғамен аяқталуы мүмкін еді. Қыздың балконның сыртынды асылып тұрғанды көрген азаматтар құтқарушыларға хабарласып, дабыл қақты», - дейді ТЖД баспасөз қызметінің маманы Марал Сағынова.

Куәгерлер үйлерінен кілем алып шығып, қызды төменде тосып алуға дайындалды. Құтқару операциясына полиция қызметкерлері де араласты. Олар пәтерге кіріп, қызды құтқарды.

Қазіргі уақытта мәселенің мән-жайы анықталыда. Алдағы уақытта баланы қараусыз қалдырған ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілмек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер