BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

Павлодардағы 6 мыңнан астам шыршаның 70%-ы ауруға шалдыққан

Фото: Автор

Павлодар қаласындағы 6 мыңнан астам шыршаның 70%-ы ауруға шалдыққан. Енді өсімдіктерді сауықтырумен «Жасыл ел» жасақтарының мүшелері айналыспақ, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Бүгінгі күнге дейін Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің биолог-студенттері 500-ден астам ағашты өңдеп, артық бұтақтарын қию жұмыстарын жүргізді. Өсімдіктердің басым бөлігі облыс орталығындағы әлеуметтік маңызы бар мекемелердің маңында жайқалған.

«Біз Естай атындағы мәдениет сарайы мен «Қазқонақ» палеонтологиялық орталығының маңындағы саябақтағы ағаштарды сауықтырдық. Бас-аяғы – 500 шырша. Алдағы уақытта қалған қылқан жапырақтыларды диагностикадан өткіземіз. Қуантарлығы, бұл экологиялық жобаны жүзеге асыруға өңірдегі бірнеше қоғамдық ұйым атсалысуда. Биолог мамандығын меңгеріп жатқандықтан, бұл жұмыстың маңызы зор. Осы науқан барысында шыршалардың патологиялары саласындағы білімдерімізді молайттық», - дейді жасақ сарбаздары.

Экологиялық жобаны қолға алғандардың қатарындағы «Берегиня-Био» үкіметтік емес ұйымының төрайымы Татьяна Пономареваның айтуынша, 6 мыңнан астам ағаш түрлі ауруларға шалдыққан. Зерттеулер арнайы әдістеме бойынша жүргізілген.

Облыстық «Жасыл ел» штабының басшысы Рахат Қаппасовтың мәліметінше, биылғы еңбек семестрінде 2700 қыз-жігіт екі қолға бір күрек тауып, туған жерлерін көркейтуге атсалысуда. Олар 14 бағыт бойынша жұмыс істеп, нәпақа тауып жатыр.

«Сарбаздар қауымы қаржы табумен қатар, түрлі салада тәжірибе жинақтайды Мәселен, педагогикалық, экологиялық, медициналық топтар құрылады. Құрылыс отрядтары мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыруға жұмылдырылса, ландшафтты жасақ өкілдері Павлодар қаласының саяжайларын абаттандырды. Жасылелдіктер киелі жерлерді абаттандыру жұмыстарына да тартылады. Маусымдық еңбекпен қамтылған азаматтар жалақы және жолақымен толық қамтылады», - дейді Рахам Қаппасов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер