BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 356.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.42
Астана:

Павлодарда марал жылу құбырының арасында қысылып қалды

Фото: интернеттен

Павлодар қаласында жылу трассаларының ортасына қысылып қалған марал құтқарылды, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабаралуынша, жануар туралы хабар 112 пультіне таңғы 04.43 сағатта түскен.

«Қамзин көшесінің бойындағы құбырлардың ортасынан жабайы марал табылды. Ересек аң қысылып қалған жерге ТЖД жедел-құтқару отрядының мамандары жетті. Марал шошып кеткендіктен, қашып үлгерді. Дегенмен, мамандар Ертіс өзенінің аумағына барғанына көз жеткізді. Аң өзі өмір сүретін ортаға жетті», - дейді ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Марал Сағынаева.

Ветеринарлық қызмет мамандары да марал қысылған жерге барды. Олардың айтуынша, орман шаруашылығын қорғау жөніндегі мекеме қызметкерлері маралдар өмір сүретін жерді тапқан.

«Маралдың Ертіс өзенінің маңында тіршілік ететінін білдік. Нақтырақ айтқанда, біздің орманшылар Павлодар мен Ақсу қаласын түйістіретін «Нұрлы жол» көпірінің маңында маралдарды көрген. Қазіргі уақытта аңдардың күйлеу уақыты екені белгілі, яғни тынышсыз кезең деуге болады. Сондықтан, марал қалаға келіп, адасып кетті деуге негіз бар. Маралды құбырлардың ортасынан арқанға байлап шығардық», - дейді Павлодар қалалық орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекеменің директоры Дәулет Қонақбаев.

интернеттен


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер