BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

Павлодар. Бизнес 130 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтыған

Фото: news.rambler.ru

Астана, BAQ.KZ. Ертіс өңірінде 53 172 шағын және орта бизнес субьектісі тіркелген. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен аппараттық жиында өңірлік кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы Дастан Рыспеков мәлім етті.

«2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 43 316 құрады. Аталған көрсеткіш өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 104,3 пайызға өсті. Шағын және орта бизнес арқылы жұмыспен қамтылғандар саны ресми деректер бойынша 2018 жылғы 1 шілдеде 130 461 адамға жетті. Өткен жылы дәл осындай кезеңде жұмыспен қамтылғандар саны – 120 686 адам болған», - деді Дастан Рыспеков.

2017 жылдың қорытындылары бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнімдер шығарылымы 745,5 млрд теңгеге жеткен. 2016 жылы бұл көрсеткіш 524,1 млрд теңгені құрады.

«Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мақсатында облысымызда бірқатар мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда. Ағымдағы жылы «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 340 кәсіпкер қолдау алды. Оның ішінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша – 1807,3 миллион теңге (291 ШОБ субъектісі), кепілдік беру – 46 миллион теңге (31 ШОБ субъектісі), гранттық қаржыландыру - 43 миллион теңге (15 ШОБ субъектісі), инфрақұрылымды жеткізу – 239,7 миллион теңге (3 ШОБ субъектісі) бөлінді», - деді басқарма басшысы.

Павлодар облысында айналымы 2 млн теңгеден асатын ШОБ субъектілерінің саны өткен жылы 661 бірлікке өсіп, 13 285 субъектіні құраған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер