BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 342.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 400.85 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.51
Астана:

Павлодарда өтетін «Ertis cinema» халықаралық кинофестиваліне 5 елдің режиссерлері келеді

Фото: Vosmerka.kz

Павлодарда өтетін «Ertis cinema» халақаралық фестиваліне 5 елдің режиссерлері қатысып, 21 мемлекет авторларынан қабылданған фильмдердің көрсетілімдері өтеді, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі.

Бүгін Ертіс өңіріне Тәжікстаннан келген делегаттар ат басын тіреді. Ұйымдастыру комитетінің өкілі Айгүл Кенжетаеваның хабарлауынша, шетелдік киноматографистерді еріктілер қарсы алып, Павлодар қаласы бойынша экскурсия өткізген.

«Қазақтың атақты әншісі Шәкен Аймановтың Отанында өтетін фестивальде көпшілік назарына екі фильм ұсынамыз. Біріншісі – «Тахі», екіншісі «Сынок» деп аталады. Екінші туынды қалалық жерде туып өсіп, ауылға көшіп келген баланың тағдырын суреттейды. Ал алғашқы шығарма балаларды ұрлау мәселесіне арналған. Фильмдерге кәсіби әртістер қатысты. Бұл – біз үшін бесінші халықаралық фестиваль», - дейді тәжікстандық делегация мүшесі Камиль Сандион.

Айта кетейік, 26 минуттық «Тахі» фильмі «Ertis cinema» кинотеатрында 13-шілдеде конкурстық бағдарлама шеңберінде көрсетіледі. Екінші лентаны 14-шілдеде облыс орталығындағы Қ. Әбусейітов атындағы мәдениет орталығында тамашалауға болады.

«Кинофестивальдің қысқа тізіміне 68 туынды енді. Олардың жартысы конкурстық, екінші жартысы конкурстан тыс бағдарлама аясында көрсетіледі. Бірқатар туындының авторы шараға қатысуға ниет білдірді. Олардың қатарында Қазақстан, Сербия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстанның азаматтары бар», - дейді фестиваль ұйымдастырушыларының бірі, кинорежиссер Людмила Лебедева.

Бүгінгі күні шараға қатысуға 20 елдің 207 авторы өтініш білдірген. Қазылар алқасының назарына ұсынылған туындылар түрлі жанрлар мен техникаларда орындалған. Классикалық жанрдан бастап, андеграуд жанрында түсірілген туындылар баршылық. Арасында әскери, комедия, мәдениет, әлеуметтік драма, бүгінгі қоғамның мәселелерін ашатын жанрларда орындалған шығармалар жетерлік.

«Руани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өтетін шараның ашылуы 11-шілдеде өтеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер